Xiaomi компаниясы автокөлік шығаруды жоспарлауда

Қытайдың заманауи технология өндірісіне маманданған Xiaomi компаниясы алдағы екі ай ішінде өз автокөлігін жасау бойынша жұмыстарды бастамақ.
Xiaomi бұл жобаны нөлден бастап жүзеге асырмайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Xiaomi автокөлігі 2014 жылдан бері өндірісі басталған қытайлық Xiaopeng компаниясының электромобильіне (Xiaopeng P7) ұқсас болып, автопилот және аккумулятор қуатын ұтымды пайдаланатын озық технологиялармен жабдықталады.
Бастаманы Xiaomi-дің негізін қалаушы және бас атқарушы директор Лей Цзюньнің өзі қолдап, бұл жобаға кәсіпкер әрі компания вице-президенті Ван Чуанды жауапты етіп тағайындаған.
Xiaomi автомобиль нарығына шығуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлар ақпан айының соңында БАҚ беттерінде тараған болатын.