WhatsApp Үндістанда енгізілген жаңа ережеге сәйкес ел үкіметін сотқа берді
Үндістанда енгізілген жаңа ережеге сәйкес, WhatsApp үкіметтің сұрауы бойынша хабарлама жіберуші туралы ақпарат беруге мәжбүр. Осыған байланысты әлеуметтік желі өкілдері Үндістан үкіметін сотқа берді.
Reuters ақпаратында, Технологиялық компанияларды жеке хабарлама жіберетіндер туралы ақпарат беруге мәжбүрлейтін жаңа ереже Үндістан халқының конституциялық құқықтарын бұзады, делінген Дели Жоғарғы сотына жіберілген талапта.
Елде енгізілген жаңа ережеге сәйкес, WhatsApp үкіметтің сұрауы бойынша хабарлама жіберуші туралы ақпарат беруі керек. Ереже тек құқық бұзушылық жасады деген күдікке қатысты болса да, WhatsApp оны басқаларға да қолданылуы мүмкін деп санайды.
Бұл мәселеге қатысты сарапшылардың пікірінше, сот ісі Үндістан үкіметінің Facebook, Google және Twitter сияқты ірі компаниялармен жанжалын күшейтуі мүмкін.