Владимир Норов Түркі мемлекеттері ұйымы СІМ басшыларының отырысына қатысады

2022 жылғы 17 қазанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Стамбулда Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына қатысады.
Алқалы басқосуда 2022 жыл 11 қарашада Самарқандта өтетін ТМҰ бірінші саммитінің күн тәртібі мен дайындық барысы, оның ішінде ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесіне қол қоюға ұсынылатын құжаттар жобалары талқыланады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық саясат пен Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.