English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов Ресей елшісіне «Халықтар достығы» төсбелгісін табыс етті
14:45 / 2022-11-26

Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Владимир Норов Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Олег Малгиновты қабылдады.

СІМ хабарлауынша, кездесу барысында Өзбекстан-Ресей стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарының ағымдағы аспектілері талқыланды. 

Тараптар халықаралық және өңірлік институттар аясындағы өзара ынтымақтастығы жөнінде пікір алмасып, әртүрлі деңгейдегі алдағы іс-шаралардың кестесі мен олардың күн тәртібі қараған.

«Экономикалық дипломатияны жеделдету, сауда көрсеткіштерін одан әрі арттыру, инвестиция тарту, сауда, энергетика, өнеркәсіп, металлургия, ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылым, банк-қаржы секторы және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесу барысында Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Олег Малгиновке ұлтаралық достық пен келісімдә нығайтуға қосқан үлесі үшін «Халықтар достығы» медалін табыс еткен.