Вьетнам президенті отставкаға кетті

Вьетнамның билеуші партиясының Орталық комитеті ел президенті Нгуен Суан Фуктың өз еркімен отставкаға кетуін қабылдады,
«Президент бірнеше үкімет шенеуніктерінің, соның ішінде екі бірінші вице-премьер мен үш министрдің ауыр заңсыздықтары үшін жауапты. Премьер-министрдің екі бірінші орынбасары қызметінен босатылды, екі министр мен бірнеше шенеунікке қылмыстық іс қозғалды. Фук, жауапкершілігін жақсы түсініп, президенттік қызметтен кетуге шешім қабылдады», - деп жазады VnExpress газеті.
Фук 2016-2021 жылдар аралығында Вьетнамның премьер-министрі болды. 2021 жылдың сәуірінде ол ел президенті болып сайланды.