English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вьетнам делегациясы «Shahrisabz Silk Production» кәсіпорнының қызметімен танысты
11:50 / 2023-05-31

Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетінің төрағасы Бахром Шариповтың жетекшілігімен Өзбекстанда піллә шаруашылығы саласын зерттеу мақсатында келген Вьетнам делегациясы Қашқадария облысының Шахрисабз ауданындағы жібек өнімдерімен танысты.

Сапар аясында Вьетнам делегациясы жібек өңдеуге маманданған «Shahrisabz Silk Production» кәсіпорнының қызметін зерттеді. 

Кәсіпорнының қызметімен танысу барысында қос тарап осы салаға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ делегация мүшелері Қашқадария облысынан кейін Сұрхандария облысындағы жібек кластерлерінің қызметін үйренді. Атап айтқанда, Термезде орналасқан «Surxon ipagi» кластерінде облыс әкімімен кездесу өтіп, содан кейін вьетнамдық серіктестерге атаулы кәсіпорын шығарған жібек бұйымдарының көрмесі көрсетілді.

Компанияның өндірістік желілері және оның әлеуеті туралы ақпарат алмасылып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру жіне Вьетнамға жібек өнімдерін экспорттауға келісілді.

Кездесу соңында қонақтарға облыс әкімінің естелік сыйлықтары табысталды.