Венада МАГАТЭ Бас конференциясының сессиясы басталады

Бүгін Австрия астанасы Венада МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясы басталады. Ұйымға мүше елдердің өкілдері басқа да өзекті мәселелермен қатар, Украинадағы ядролық қауіпсіздікті және КХДР-ның ядролық қаруды таратпау туралы шарттың кепілдігін қамтамасыз етуді талқылайды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, конференция 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
МАГАТЭ Бас конференциясы жыл сайын қыркүйекте Венада өтеді. Құрылымға 177 мемлекет мүше. Алқалы жиында келесі жылдың бюджетін қабылдап, мүше мемлекеттер, Бас директор мен Басқарушылар кеңесі ұсынған басқа да тақырыптарды қарастырады.