English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ван Гог салған әйгілі картина оның туған күнінде музейден ұрланды
23:05 / 2020-03-30

Бейнелеу өнері тарихында постимпрессионизм негізін қалаған жанның бірі


ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында жер жағанды өзінің біртүрлі, қарапайым адамдардың түсінігі жете бермейтін түсініксіз кейіте салған суреттерімен мәшхүр болған нидерлендтық суретші Ван Гогтың 1884 жылдарда салынған «Көктемгі бақ» атты картинасы бүгін 30 наурыз оның туған күні датасында «Сингер Ларен» музейінен ұрлап әкетілген.

Картинада суретші Ван Гогтың өзі бір кездері тұрған Нуенендегі діни қызметкердің көктемде бақ ішіндегі жүрген бейнесі кескінделген туынды музейге уақытша берілген болған. Алайда әлемдік коронавирусқа байланысты музей жабылған және қараусыз қалғандығының салдарынан ұрылар қолайлы сәтті қалт жібермей терезені сындыра кіріп, суретшінің туған күнінде туындысын ұрлап кеткен.