Валюта бағамы: Өзбекстанда доллардың ресми курсы 11 300 сумнан асты

Өзбекстан Орталық банкі 7 қаңтардан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллардың ресми курсы 11 300 сумнан асқан.
Дүйсенбідее сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары Орталық банк белгілеген соммада 30,70 сумға өсіп 11 319,14 сумға жеткен.

Еуро бағасы 98,69 сумға құлдырап 1 еуро 11 894,15 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі осыған дейінгі бағадан 0,56 сумға төмендеп 157,62 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі 0,13 сумға қымбаттап 24,39 сумға теңескен.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.
Өзбекстанда еркін айналымға жіберілгеннен кейін доллар бағамы 2020 жылдың 15 сәуірінде алғаш рет 10 мың сумдық рекордты нүктеден өткен болатын. 2021 жылдың 19 қаңтарынан бұл деңгей 10 500-дік шыңды бағындырған болса, 2022 жылдың 15 наурызында 1 АҚШ доллары 11 000 сумнан асқан болатын.