Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар және еуро курсы тағыда өсті

Орталық банк 8 желтоқсаннан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро курсының қымбаттағаны байқалады.
Бұл апта доллардың 13 апталық өсу дәуірінен кейінгі аралықтағы бір реттік төмендеуден соң байқалған алтыншы апталық өсуі.
Ертеңнен бастап сатылымға шығар 1 АҚШ доллары 15,69 сумға өсіп 10 443,07 сумға жеткен.
Бұл аптада еуро 183,77 сумға қымбаттаған және 1 еуро 12 657 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі өткен аптадағы бағадан 3,57 сумға өскен және 141,05 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі бұл апта 0,27 сумға қыбаттап 24,84 сумға теңескен.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.