English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Валюта бағамы: Өзбекстанда доллар курсы өсіп, еуро төмендеді
16:30 / 2020-06-22

2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы алғаш рет 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын. Қазірге дейін сол нүктеден төмендеген жоқ


Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 23 маусымнан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы өсіп, еуро курсы төмендегенін байқауға болады. Бірақ өткен аптада доллардың ресми курсы төмендеген болатын.

1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағамен салыстырғанда 20,86 сумға өсіп 10172,76 сумға жеткен.

Еуро бағамы бұл аптада 56,89 сумға құлдырағанынан 1 еуро 11368,06 сум боп белгіленген.

Ал, Ресей рубльі дәл 1,00 сумға өсіп 146,39 сум боп сатылымға шығатын болды.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.

Еске сала кетсек Өзбекстанда валюта бағамы еркін айналым жүйесіне өткеннен кейін 2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы алғаш рет 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын. Қазірге дейін сол нүктеден төмендеген жоқ.