English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Валюта бағамы: Доллар және еуро курсы тағыда қымбаттады
14:27 / 2020-07-20

Өзбекстанда доллар курсы тағыда қымбаттап 10200-ден асты. Бұл жағдай соңғы бес аптадан беріге жалғасуда


Өзбекстанда доллар және еуро курсы тағыда қымбаттады. Бұл жағдай соңғы бес аптадан беріге жалғасуда.

Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 21 шілдеден бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар мен еуро бағамының сумға байланысты тағыда өскенін байқауға болады.

1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағамен салыстырғанда 15,43 сумға өсіп 10 210,39 сумға жеткен.

Еуро бағамы бұл аптада 148,12 сумға қымбаттап 1 еуро 11 666,39 сум боп белгіленген.

Ал, Ресей рубльі 1,77 сумға төмендеп 142,11 сум боп сатылымға шығатын болды.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.