Вакцинаға қабілетті Өзбекстандағы халықтың 92 пайыздан астамы алғашқы доза қабылдады

Өзбекстанда вакцина қабылдауға қабілетті халықтың 92 пайыздан астамына алғашқы доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 қаңтар күні республикада 110 796 доза вакцина қолданылған. Ондағы 5994 адам бірінші доза, 25 653 азамат екінші дозада, 79 149 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.
Дәл қазіргі сәтте елдегі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 46 762 560 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 751 873, ІІ компонентін 15 646 427, ІІІ компонентін алғандар 11 364 260 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 92,1 пайызды, ал толық вакцина алғандар 73,4 пайызды құрауда.