Вакцинация: Өзбекстанда вакцинаның ІІІ копонентін толық алғандар саны 58 мыңан асты

14 маусымда Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 43 991 адамға вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 19 042 бірінші доза, 14 242 азамат екінші доза, 10 667-сі вакцинаның ІІІ копонентін толық алған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 2 653 685 доза вакцина қолданылды. Олардан екпенің І компонентін 1 605 627, ІІ компонентін 990 029, ІІІ компонентін 58 029 азамат толық қабылдаған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс вакцинация басталғалы көш бастап келеді.
Ферғана облысында 318 075 доза,
Әндіжан облысында 308 629 доза,
Наманган облысында 307 824 доза.
Республика бойынша қазір вакцинация прцесінде үш түрлі препарат (өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V) қолданылуда. Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады.