
24 мамырда Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 42 240 адамға вакцина егілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 15 411 бірінші доза, 26 829 азамат екінші дозада вакцинацияланған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жалпы коронавирусқа қарсы 1 642 744 азамат вакцинацияланған болып, оның 443 390-ны вакцинаның ІІ компонентін алғандар.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша ел аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс көш бастап келеді.
Ферғана облысында 219 187 доза,
Андижан облысында 202 102 доза,
Наманган облысында 186 077 доза.
Республика бойынша қазір вакцинация прцесінде үш түрлі препарат (өзбек-Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, AstraZeneca, Спутник V) қолданылуда. Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады. 2021 жылдың 1 мамырынан бастап вакцинаның бірінші кезеңін алған азаматтарға оның екінші дозасымен вакцина егу процесі басталған болатын.