Вакцинация: Өзбекстанда 12 жастан асқан 485 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы егілді

Өзбекстанда 12 - 18 жас аралығындағы 485 мыңнан астам балалар ерікті түрде Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдады.
ДСМ-нің мәліметінше 7 желтоқсан күнгі жағдай бойынша республикада 12 мен 18 жас аралығындағы 485 532 балаға ерікті түрде Pfizer вакцинасы егілді.
Атап айтқанда, Ферғана (100 644 доза), Самарқанд (80 605 доза), Наманган (56 600 доза) облыстарында балаларды коронавирусқа қарсы егу барысының қарқыны жоғары.
Ал, жаппай вакцинация бойынша республикада екпеге қабілетті халық арасында бүгінге дейін 35 353 114 дозалы вакцина қолданылған.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 18 056 727, ІІ компонентін 11 434 541, ІІІ компонентін алғандар 5 861 846 жеткені айтылады министрлік хабарында.