Узгидромет: Бұл апта Өзбекстанда температура 37 градусқа көтеріледі

Республикалық гидрометеорологиялық орталығының дерегінше, апта барысында Өзбекстан аумағында температура көтеріледі.
«Узгидрометтің» хабарлауынша, 29-31 мамыр күндері республиканың кейбір таулы аймақтарында конвективтік бұлттану кезінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күндіз найзағай болуы мүмкін.
Ауа температурасы түнде 15-20 градус шамасында болса, күндіз ауа температурасы 32-37 градустан, жұмыс аптасының соңына қарай 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Ташкент қаласында ауа температурасы күндіз 32-34 градус жылы болса, апта соңында 36-37 градусқа дейін көтеріледі.