Украинадан эвакуацияланған өзбекстандықтар саны 5 мыңнан асты

10 күн ішінде Украинадан 5037 Өзбекстан азаматы елге қайтарылды.
СІМ ресми өкілінің мәліметінше, 28 ақпаннан 9 наурызға дейін 22 әуе рейсі ұйымдастырылып жалпы 5037 өзбекстандық елге әкелінген.
Қазіргі кезде елге әкелінген азаматтар негізінен Польшаның Катовице әуежайы арқылы эвакуациялануда.
«Украинаның әртүрлі аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл ретте соғыс қимылдары байқалатын шалғай аудандарда қалып қойған отандастарды эвакуациялау басты назарда тұр.
Өзбекстан дипломаттары Молдоваға барып, олар осы елден өзбекстандықтарды эвакуациялау жұмыстарын қарастыруда», делінген хабарламада.