УЕФА Конференция лигасының кубогын көрсетті

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы – УЕФА, 2021/22 жылғы маусымда старт алатын жаңа Конференция лигасының кубогын көрсетті.
Жаңа турнирдің басты символы саналатын кубоктың биіктігі 57,5 см, салмағы 11 келі. Ол айналдыра бұралған 32 алты бұрышты таяқшадан тұрады. Олардың әр бірі топтық кезеңнің қатысушыларын сипаттайды.
УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған кубоктың тақтайшалары иілуіне байланысты футбол допының қақпаға қарай бағытталғанын көрсетеді. Оның жоғарғы және негізгі бөлгі күмістен жасалған болып, қолда өрнектелген.

Жаңа турнирдің әнұраны ретіде Еуропа лигасының гимні ойнайтын болып, допты додаға Чепиондар лигасы мен Еуропа лигасы ойындарына шығалмаған командалар қатысады.