English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
TuttoSport: Элдор Шомурадов «Ювентус» клубына өтуі мүмкін
17:05 / 2021-01-08

Италияның «Дженоа» клубы мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомурадов Туриннің «Ювентус» клубына өтуі мүмкін.

«TuttoSport» басылымының мәліметінше, Генуя шабуылшысы Элдор Шомурадов «Ювентус» клубының назарына түскен. Туриндік клуб өзбек форвардын жазғы трансферлік терезеде өз қатарына қосқысы келеді. Қазіргі кезде «Ювентус» жалға алған Альваро Моратаны жазда «Атлетико» клубына қайтару ойда. Оның орнына 25 жастағы өзбек шабуылшысы алуды жоспарлаған.

«Ювентус» Моратаны «Атлетико Мадридтен» қыркүйек айында 9 млн еуроға 2021 жылдың жазына дейін жалға алған болатын. Келісім шартында ойыншыны 45 миллион еуроға сатып алу қарастырылғанымен, оның орнына туриндік басшылық Шомурадовқа қызығушылық танытуда.

Еске салар болсақ, Шомурадов өткен маусымда Ресейдің «Ростов» клубынан Генуяға 7,5 миллион еуроға ауысқан және ресейлік клуб қосымша 1,5 млн бонус алуға келісім жасаған. Элдор осы маусымда А сериясындағы 10 ойында алңға шығып, 2 гол және 2 нәтижелі пас берді. 25 жастағы шабуылшы соңғы екі ойында командасының ең жақсы ойыншысына айналды.