English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тунисте төтенше жағдай режимі 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды
15:24 / 2023-02-01

Тунис президенті Кайс Саид төтенше жағдай режимін 2023 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сейсенбі күні кешке Mosaique FM радиостанциясы хабарлады.

Тунисте төтенше жағдай 2015 жылдың 24 қарашасында жарияланған болатын. Бұған ел астанасының орталығында орналасқан Ішкі істер және туризм министрлігі ғимараттарының маңында ұйымдастырылған теракт себеп болған. 

Сол кезде жанкешті-террорист президенттің күзетшілері мінген автобуста өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алған еді.