Тәуелсіздік және ізгілік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанының 29 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне орай Ташкенттегі Тәуелсіздік және ізгілік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Атаулы күн ел аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық аймақтарда аталып өтуде. Соның бір көрінісі Ташкентте өтіп, ондағы шарада Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Ұлттық гвардия, Мемлекеттік кеден комитеті өкілдері Тәуелсіздік және ізгілік монументіне гүл шоқтарын қойды.




