English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Төтенше жадайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады
19:55 / 2021-03-18

2021 жылдың 18-20 наурызы аралығында республиканың кейбір аймақтарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ден 23-28 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Осыған орай Өзбекстан Республикасы Төтенше жадайлар министрлігі ел азаматтарына ескерту жасап, қатты жел кезінде қажетсіз көшеге шықпауға кеңес берді. Автокөлік иелерінен өз көліктерін ағаштардың қасынан алыстау қою сұралған.

Бұған дейін 18 наурыз таңғы уақытта Сырдария облысында қатты соққан желдің салдарынан үйлер мен қоғамдық ғимараттардың шатыры бүлінгені туралы әкімдік баспасөзі хабарлаған еді.