English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркістан облысындағы су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам эвакуацияланды
09:51 / 2023-02-03

Қазақстанның Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты 200-ден астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, облыстың Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалған.

Елді-мекендегі үйлерді су басуының алдын алу үшін 13 000 құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылғаны айтылады хабарламада.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, температура көтеріледі. Өз кезегінде бұл жағдай қардың тез еріп, мұздың әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Осы жағдайға байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тасқын су кірген елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездескен.