Түркияда теңіздің үстіне құрылған жаңа әуежайы ашылды

Түркияның солтүстік-шығысында теңіздің үстіне құрылған Ризе-Артвин әуежайы ашылды.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, жаңа әуежай құрылысына 4,4 миллиард түрк лирасы (284,2 миллион доллар) жұмсалған болып, ол жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.
Жаңа әуежайдың ашылу салтанатына ел президенті Режеп Тайып Ердоған қатысып, әуежайды Түркияның азаматтық авиация мен көлік саласындағы соңғы 20 жылдағы жетістіктерінің көрсеткіші деп атаған.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Түркиядағы әуежайлардың саны 26-дан 58-ге дейін өскен.