English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда 7,4 балл жер сілкінісі болып 50-ден астам азамат қаза тапты
09:52 / 2023-02-06

Түркияның оңтүстік-шығысында, Сирия шекарасына жақын жерде күшті жер сілкінісі болды. Кем дегенде 50 адам қаза тапты, құрбандар саны әлі де өсуде.

ВВС-дің хабарлауынша, кем дегенде 22 афтер сілкініс тіркелген, олардың ең күштісі 6,6 баллды құраған болып, халықаралық көмекті қажет ететін дабыл деңгейі жарияланған.

АҚШ-тың Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп қаласының маңында, 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

Бірқатар ғимарат қирап, адамдар үйінді астында қалған болуы мүмкін.

Түркия Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу 10 қаланың айтарлықтай зардап шеккенін айтты: Газиантеп, Кахраманмарас, Хатай, Османия, Адияман, Малатия, Шанлыурфа, Адана, Диярбакыр және Килис.

Жер сілкінісі ел астанасы Анкарада және Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ бүкіл аймақта – Кипрде, Ливанда және Сирияда сезілген.