English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Президенті: Имам Бұхари атындағы сыйлықты алу мен үшін үлкен құрмет және мақтаныш
22:56 / 2022-11-10

Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған «Жоғары дәрежелі Имам Бухари» орденімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Түркі елдерінің Самарқанд саммиті аясында өтті.

Ең алдымен, екі басшының имам Бұхариге деген құрметі өте жоғары екенін айту керек. Өзбекстан Президентінің бастамасымен ғұлама кесенесі жанынан Имам Бұхари атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы мен хадис мектебі құрылды. Мемлекет басшысы 2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында осыны айтқанда Түркия Президенті «Хазіреті Имам Бухаридің құрметті есімі осы биік мінберден алғаш рет естілді» деп риза болған еді.

Биыл Мемлекет басшысының ұсынысымен Өзбекстанның «Жоғары дәрежелі Имам Бухари» ордені тағайындалды. Бұл марапатпен ғалымдар, зерттеушілер, жазушылар, сондай-ақ шет елдер мен үкімет басшылары ислам әлемі ойшылдарының мұрасын білу, үйрену және кеңінен таратудағы ерекше қызметтері үшін марапатталады.

– Бұл жоғары орден – исламдық ағартушылықты таратудағы, дүние жүзіндегі мұсылмандардың мүддесін қорғаудағы, үмбетіміздің бірлігі мен амандығын қамтамасыз етудегі, діни төзімділікті орнатудағы, жастарды ізгілік рухында тәрбиелеудегі ерен еңбегіңіздің лайықты бағасы, деді Шавкат Мирзияев марапаттау шарасында.

Режеп Тайып Ердоғанға сыйлықты Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев тапсырды.

Түркия Президенті ұлы ғұламаның атымен аталған орденді алғанына өте қуанышты екенін атап өтті.

– Хадис пен фиқһ ғылымының шыңы саналатын Имам Бұхари атындағы бұл бағалы сыйлықты алу мен үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Шавкат Мирзияевпен алғаш танысқан кезден-ақ бауырымды басқаша құрметтедім, өйткені ол Имам Бұхари мұрасынан мысалдар келтірді. Оның күш-жігерімен Самарқандта ғылыми орталықтар салынды, Түркия мен Өзбекстан ғалымдары тығыз ынтымақтастық жасауда. Мен бұл орденді халықтарымыз арасындағы ежелгі және мәңгілік туысқандықтың, барлық салада дамып келе жатқан қарым-қатынасымыздың берік нышаны ретінде қабылдаймын. Осы жоғары ілтипат үшін Өзбекстан Президенті мен халқына өз атымнан және ұлтымның атынан шын жүректен алғыс айтамын, – деді Режеп Тайып Ердоған.