Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне дауыс береді
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Түркия парламенті бейсенбіде Финляндияның НАТО әскери альянсына мүшелігіне дауыс береді.
Осы аптаның басында Венгрия парламенті Финляндияның НАТО-ға қосылуын ратификациялады. Осыдан кейін Түркия парламенті финдердің өтінішін әлі мақұлдамаған альянстың жалғыз мүшесі ретінде қалуда.
НАТО-ға мүше мемлекеттер Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық Кеңеске қосылуы туралы хаттамаларға 2022 жылдың 5 шілдесінде қол қойған еді. Бұл мемлекеттер НАТО-ға мүше елдердің барлығы қосылу туралы хаттамаларды ратификациялағаннан кейін НАТО-ға қосылады.