
Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев Түркі мемлекеттері ұйымының (TМҰ) Бас хатшысы Бағдад Әмреевпен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Осы жылдың қараша айында Самарқандта өтуі жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммиті мен ТМҰ Экономика және сауда министрлерінің 11-ші отырысы және кеңес аясындағы ірі іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды. Іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру, мазмұнды өткізу мақсатында өзара ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ұйым аясында сауда, инвестициялық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары қарастырылды. Бiрлескен инвестициялық қор құру туралы келiсiмге қол қою процесiн жеделдетуге өзара мүдделiлiк танытылды. «Түрік мемлекеттерінің сауда ынтымақтастығы ғылыми-зерттеу орталығы» және «Инженерлік және технологиялар орталығын» құру бастамаларын жүзеге асырудың нақты шаралары белгіленді», делінген хабарламада.
ТМҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайту үшін бұл бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілген.