English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Өзбекстанға сапармен келеді
14:07 / 2022-05-28

2022 жыл 30-31 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТҰҰ) Бас хатшысы Бағдад Әміреев Өзбекстан Республикасына сапармен келеді.

СІМ дерегінше, Өзбекстанның министрліктері мен ведомстволарында өтетін кездесулер мен келіссөздерде Өзбекстан мен ТМҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ ұйымның Өзбекстанда өтетін саммитіне дайындық барысы талқыланады.

Сонымен қатар, тараптар Өзбекстанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Көлік министрлері кеңесінің, Ауыл шаруашылығы министрлері кеңесінің отырыстары, сондай-ақ Түрік агрофорумы және басқа да шаралар туралы пікір алмасады.