
Биыл 27-28 қазан күндері Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің кездесуі өтеді.
ӨР Көлік министрлігінің хабарлауынша, отырыста ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері халықаралық жүк тасымалы процестерін одан әрі дамытуға, өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру, сондай-ақ баламалы көлік бағыттарын дамытуға қатысты мәселелерді талқылайды.
Осы басқосу аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің темір жол әкімшіліктерінің бірінші отырысы және ТМҰ-ға мүше мемлекеттер порттары басшыларының бесінші отырысының өтуі де жоспарланған.
Отырыс қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында халықаралық аралас жүк тасымалы туралы Келісім және Көлік саласындағы өзара тәуелділік бағдарламасы сияқты құжаттар келісіледі.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 11 қарашасында Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді.