English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Toyota Tsusho Corporation» мен «Узбектелеком» арасында 150 млн долларға келісімшарт жасалды
10:47 / 2022-10-26

«Узбектелеком» АҚ мен Жапонияның «Toyota Tsusho Corporation» арасында 150 млн долларға келісімшарт жасалды.

Келісім Самарқандта өтіп жатқан «ICTWEEK-2022» апталығы аясында қол қойылған.

Ақпараттық коммуникациялар және технологияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов «ICTWEEK-2022» аясында Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігі Жаһандық стратегиялар бюросы бас директорының орынбасары Юкио Терамура және «Toyota Tsusho Corporation», «NEC» және «IIJ» өкілдерімен кездесті.

Осы кездесуде серіктестік аясында атқарылып жатқан жұмыстар, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен саланы дамыту мәселелері талқыланып, «Toyota Tsusho Corporation» мен «Узбектелеком» арасында 150 млн долларға келісімшарт жасалған.

Болашақта жапондық компаниялармен телекоммуникациялық инфрақұрылымды ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңда өзекті болып табылатын және жаңа жұмыс орындарын көздейтін IT-сервис аутсорсингі - BPO қызметін дамыту бағытында байланысты кеңейту қажеттігіне назар аударылды.

Сонымен қатар, жапон тарапы Өзбекстанда IT-саласын дамытуда жаңа технологияларды енгізу, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағытында ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

ЎзА