Той-жиындары мен отбасылық шаралар өткізу тәртібін бұзғандарға қанша айыппұл санылады?
Атаулы заңнамада тәртіп бұзғандар базалық мөлшердің 50 еселенген көлемдей айыппұл салу бабы көрсетілген
2019 жылдың қыркүйек айында белгіленген заң тәртібі бойынша Өзбекстанда той-жиындары мен басқа да шараларды өтізуіге байланысты кейбір шектеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енген болатын.
Мұндағы негізгі көзделген мақсат қоғамда болып жатқан түрлі тәртіпсіздіктер мен атрық ысырапкершіліктің алдын алу. Алдағы уақытта осы заңнамада көрсетілген тәртіпті бұзған азаматтар әкімшілік жауапкерлікке тартылып айыппұл төлейтін болады. Алғашқы ретте өз бетінше тәртіпке бағынбай заңға қайшы әрекет жасаған азаматтар базалық есептеу мөлшерінің 10 еселенген көлемінде (2 230 000 сум) айыппұл төлейді. Ал тойхана, кафе мен ресторандардың лауазымды кісілеріне бұл көрсеткіш базалық мөлшердің 30 еселенген көлемінде (6 690 000 сум) айыппұл белгіленген.
Ерегрде осындай жағдай жыл аясында екінші рет қайталанар болса онда жаза тәртібі базалық мөлшердің 50 еселенген көлемінде (11 150 000 сум) айыппұл салу қарастырылған.