ТМҰ-ның келесі саммиті 2023 жылы Қазақстанда өтеді

Самарқанд қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті барысында Ұйымның келесі жылғы саммиті Қазақстанда өтетіні белгілі болды.
Сонымен қатар саммитте Түрксой ұйымының 30 жылдық мерейтойы келер жылы тойланатыны да айтылды.
Бүгіннен бастап Өзбекстан уақытша төрағалықты Түркиядан алып, 1 жыл бойы жалғастырады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев ел президенті ретінде ұйымның уақытша төрағасы жұмысын атқарады.