ТМҰ бірінші саммиті аясында 10-нан астам маңызды құжатқа қол қойылды

Самарқанд қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммиті аясында 10-нан астам маңызды құжатқа қол қойылды.
Атап айтқанда, Ұйымның көліктік тәуелділік бағдарламасы және Жеңілдетілген кедендік дәліздерді қалыптастыру туралы келісім, Сауда стратегиясы бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды.
Сондай-ақ тағы бір маңызды құжат – Түркі мемлекеттері ұйымының 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиясына қол қойылды.
Саммиттің негізгі құжаты - Самарқанд декларациясы қабылданды.




ЎзА