ТЖМ: Түркияға 60 құтқарушы мен 3 арнайы авариялық-құтқару техникасы жіберілуде

Өзбекстан Президентінің тапсырмасы негізінде бауырлас Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Түркияға гуманитарлық көмек беру мақсатында 60 құтқарушы барады.
Еске салар болсақ, Түркияның оңтүстік-шығысындағы аймақтарда 6 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Қатты жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар қаза тауып, ауыр жарақат алып, орасан шығынға ұшырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бауырлас Түркия мемлекетіне гуманитарлық көмек көрсету және жер сілкінісі салдарын жою үшін Төтенше жағдайлар қызметінің 60 құтқарушысы мен 3 арнайы авариялық-құтқару техникасы жөнелтіліп жатыр, делінген хабарламада.