English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Time: 2020 – жаңашыл тарихтағы ең нашар жыл
13:06 / 2020-12-06

Американдық «Time» журналы 2020 жылды қазіргі заманауи тарихтағы ең нашар жыл деп атады. Басылым сарапшыларының дәл осылай қорытындыға келуінің басты себебі әрине коронавирустық пандемияға байланысты болған.

Сондықтан беделді БАҚ келесі санының мұқабасын қара түспен бейнелеген 2020 саны үстіне екі қызыл түсті сызықпен кесіп, «барлығы үшін ең нашар жыл» деп жазды.  

Журналдағы мақала авторы Стефани Захарек өз мәресіне жетуге шақ түрған жылды «азапқа толы және ақылдан адасардай қарапайым» деп сипаттаған. 

Захарек коронавирустық пандемияға тоқтала отырып, АҚШ өз тарихында биылғыдан да қиын жылдарды бастан өткергенімен, қазір өмірде күн кешкен адамдардың көпшілігі 2020 жылдағыдай қайғылы оқиғаларға куә болмағандарын атап: «Бұл сіз ешқашан оралуды қаламайтын кезең. АҚШ тарихында бұдан да қиын жылдар болды, бірақ қазіргі кезде өмір сүріп жатқандардың көпшілігі мұндай қайғылы оқиғаларды ешқашан көрген емес. Екінші дүниежүзілік соғыстың күйреуін, 1918 жылғы тұмау пандемиясын еске түсіру үшін сіз 100 жастан асқан болуыңыз, Ұлы депрессиядан туындаған кедейлік туралы түсінікке ие болу үшін де шамамен 90 жаста, ал Екінші дүниежүзілік соғыс пен оның сұмдықтары туралы қайсыбір естеліктерді жадқа алу үшін 80 жаста болуыңыз керек», - деген ол.

«Егер 2020 жылды антиутопиялық фильм деп қарайтын болсақ, көрермендер осынау картинаның 20 минуттынан кейін-ақ теледидарды сөндіріп тастаған болар еді. Турасын айтқанда сіз не ашуға берілуді, не толқуды білмейсіз, бұл түсініксіз апокалипсис», - деген киносыншы Стефани Захарек.