English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«TikTok» басшылығы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді
01:48 / 2020-08-26

«TikTok» видео-сервисінің басшылығы АҚШ-тағы санкцияларға байланысты президент Трамп әкімшілігін сотқа берді


Қытайдың «ByteDance» компаниясына қарасты «TikTok» видео-сервисінің басшылығы АҚШ-тағы санкцияларға байланысты президент Трамп әкімшілігін сотқа берді.

Әлеуметтік желіде қысқа видео-таспалар арқылы танымал болған қосымшаның арнайы блогында жарияланған хабарламада, Америка үкіметі бұл қызметтің Қытай үкіметімен байланысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген нұсқаны растайтын ешқандай дәлел келтірмеген.

Бұдан бөлек АҚШ үкіметі «TikTok» қосымшасының өзіне сенімді екендігін дәлелдеуге тырысқан әрекетін елеусіз қалдырған. Нақтысы, қосымшадағы американдық пайдаланушылар туралы мәліметтері Қытайдан тыс жерде сақталатындығы туралы ақпарат ескерілмегені айтылған.

TikTok» қосымшасының Патрик Райан есімді қызметкері АҚШ үкіметіне қатысты жеке сотқа шағымданған. Ол Трамптың бұл шешімі АҚШ-тағы ТикТоктың 1500 қызметкерін жалақысыз қалдыруы мүмкін екендігін алға тартқан.