Теннис: Холгер Руне «Мастерс» турнирі жеңімпазы атанды

Даниялық 19 жастағы Холгер Руне Парижде өткен «Мастерс» турнирінде чемпион болды.
Финалда ол әлемнің 7 ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті ұтты. Руне үшін бұл мансабындағы үшінші титул. 2 сағат 33 минутқа созылған кездесу 3/6, 6/3, 7/5 есебімен аяқталды.
Rolex Paris Masters турниріндегі сәтті жеңіс Рунеге 1000 рейтингтік ұпай және 836 355 еуро жүлде әкелді.
Даниялық теннисші бұған дейін екі рет ATP 250 санатындағы турнирлерде жеңіске жеткен.