Ташкенттегі «Uzbekistan» қонақ үйінің сатылымға қойылған бағасы арзандады

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің мәліметіне сәйкес, «Uzbekistan» қонақ үй комплесктік кешенін сатылым бағасы 10 пайызға төмендеген
Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің мәліметіне сәйкес, «Uzbekistan» қонақ үй комплесктік кешенін сату бойынша ашық байқау саудасын өтізеді.
Онда «Uzbekistan» қонақ үйінің бастапқы бағасы 33 миллион АҚШ доллары етіп белгіленген болатын. Ал, қонақ үйдің жаңартылған бағасы 10 пайызға арзандап 29,7 миллион АҚШ доллары етіп белгіленген.
Инвестициялық міндеттемелер бойынша, қонақ үйді сатып алған инвестор екі жыл ішінде 100 млрд сумдық мөлшерде инвестиция салуы, 10 жыл мерзімде негізгі қызмет көрсету түрін сақтап қалған түрде сыртқы келбетін өзгертпей қонақ үйді жөндеуден өткізу мен қатар оны басқаруда мықты менежерлерді тартуы талап етіледі.
«Uzbekistan» қонақ үйі Ташкенттің ең үздік қонақ үйінің бірі. Қонақ үйдің іргесатсы өткен ғасырдың 1974 жылы қаланың ортылығына қаланған. Мейманхана Әмір Темір ескерткіш мүсініне қарата салынған болып, атырап өте керемет көрінеді.
17 қабаттан тұратын 315 бөлмеге ие қонақ үйдің архитектурасы өзне тән үлгісі мен сейсмикалық жағдаларға байланысты қолайлы құрылған. Мұнда Европа үлгісімен байланыстыра отырып шығыс дәстүрлерін алыстамамаған хәлде қызмет көрсетіледі.
Еске сала кетсек, «Uzbekistan» қонақ үйінің ашық байқау түріндегі сатылымы осымен үшінші рет қойылып отыр. Осыған дейін де, қонақ үйдің сатылымы жайында ақпарат тараған болатын, бірақ ешқандай шетелдік немесе жергілікті кәсіпкер әлде басқа үйым өкілдері хабарласпаған. Қонақ үйдің үшінші реткі сатылым бойынша бағасы 10 пайызға төмендеген.
Сондай-ақ қонақ үй 2017 жылы 7 млрд 100 млн сум, 2018 жыл 6 млрд 300 млн сум таза табыс тапқан.
