English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттегі үш қабатты көпір құрылысы жақын арада аяқталады
12:06 / 2020-02-11

Көпір құрылысының 90 пайыздан астам жұмысы аяқталған


Қаладағы көлік қозғалысының кептелісі мен сыртқы мекендер арасын едәуір жақындату мақсатында салынып жатқан Ташкенттегі үш қабатты көпір құрылысының 90 пайыздан астам жұмысы аяқталғаны жайлы хабарлайды «Өзбекстан темір жолдары» АҚ компаниясы.

2018 жылдың мамырында басталған құрылыстың қазірде екінші кезеңі аяқталып үшінші соңғы кезеңінің қызу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі процес көпір айналасындағы жаяу жүрушілер үшін арнайы жасалған жолақтағы бетонды қоршаулар үстін металлды конструкторлармен жабтықтау және электрлік жұмыстар жүргізілуде. Жоба жетекшілерінің жоспары бойынша көпірдің құрылысы жақын арада толықтай аяқталады және пайдалануға берілген соң мұнда көлік қозғалысы сағатына 21 мыңға жетеді.

Көпірдің алғашқы төменгі қабатының ұзындығы 502 метр, ені 26,7, биіктігі 5,5 метрден тұрады. Орта бөлігінің ұзындығы 29 метр, жолдың кеңдігі 24,5 метрді құраса, үстінгі бөлік 593 метрлі ұзындықта 26,7 метр енді қарама-қарсы бағыттағы әр бірі үш жолақтан тұрады.