English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттегі цехта жарылыс болып, бір адам көз жұмды
16:24 / 2023-06-14

Ташкенттегі мыс құбырларын шығаратын цехта жарылыс болды

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 маусым күні сағат 09:50 шамасында Ташкент қаласының «Чилонзор» ауданында, «Астробод» көшесінде орналасқан мыс құбырларын шығаратын цехтың бір қабатты сарайында (ангар) жарылыс болды.

Оқиға орнына дереу ТЖД және қалалық ТЖД басшылығы бастаған өрт-құтқару жасағы, прокуратура, ІІМ, ТЖД, «Худудгаз» және басқа да тиісті ұйымдардың қызметкерлері жетіп, қазіргі уақытта жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.

ТЖМ мәліметінше, 1 азамат оқиға орнында қаза тауып, 16 азамат түрлі дәрежедегі жарақат алған және олар Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жатқызылған. Кейінен олардың 7-інің жағдайы жақсы болғандықтан үйлеріне жіберілген.