
Ташкент қаласында «Суретші және қоғам». «Болашақ өнер концепциялары» атты халықаралық заманауи өнер биенналесі басталды.
24 қазанда Өзбекстан Көркемсурет академиясының Орталық көрме залында 9-шы Ташкент халықаралық заманауи өнер биенналесінің ашылу салтанаты өтті.
Шалтанатты шараның ашылуында Өзбекстан Көркемсурет академиясының төрағасы, халық суретшісі Акмал Нуриддинов 2001 жылдан бері Өзбекстан өнер академиясының бастамасымен Ташкент халықаралық заманауи өнер биенналесі екі жылда бір рет өткізіліп келе жатқанын атап өтті.
Ташкент халықаралық биенналесі бейнелеу өнері саласындағы мәдени алмасу, әртүрлі елдердің заманауи шығармашылық әлеуетімен танысу және заманауи өнердің өзекті мәселелерін талқылау үшін ашық кеңістік ретінде қызмет етеді. Әлемдік және ұлттық өнердің үлгілері екі жылда бір рет өтетін көрмелерде қойылады. Қазіргі бейнелеу және концептуалдық өнердің танымал шетелдік өкілдерімен шығармашылық тәжірибе алмасып, сұхбаттар ұйымдастырылады. Әлемнің ең беделді ғылыми мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.
[gallery-9252]
IX-шы Ташкент халықаралық заманауи өнер биенналесіне әлемнің 35 мемлекеті, соның ішінде Әзірбайжан, Аргентина, Армения, Болгария, Беларусь, Бразилия, Бангладеш, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Нидерланды, Египет, Израиль, Италия, Испания, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Канада, Литва, Малайзия, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, АҚШ, Түркіменстан, Тәжікстан, Түркия, Тунис, Франция, Филиппин елдерінен 40-қа жуық және республиканың 50 заманауи бейнелеу өнерінің майталмандары қатысып жатыр.
Бес күн бойы өтетін биеннале бағдарламасына сәйкес, қатысушылар трапынан барлығы 8 шығармашылық көрме өтеді. Оған халықаралық және жергілікті суретшілер бейнелеу өнерінің бірқатар заманауи бағыттары – поп-арт, цифрлық өнер, инсталляция, бейне және фото өнер, сондай-ақ кескіндеме, графика, мүсін өнері бойынша қатысады.
Көркемөнер академиясының ақпараттық қызметінің хабарлауынша, биеннале ережесіне сәйкес жеңімпаздар Гран-при, 1, 2, 3 орындар негізінде марапатталады.Тошкентда тўққизинчи марта ўтказилаётган Халқаро замоанвий санъат биенналеси халқларни яқинлаштириш, дунё тасвирий санъат вакиллари ўртасида мустаҳкам кўприк, ижодий мулоқот, санъатда бой меросга эга Ўзбекистон номини жаҳонга тараннум этишга хизмат қилади.
суреттерді түсріген Насиржан Хайдаров