English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ресейлік «Спутник Восток Продакшн» кинокомпаниясы фильм түсіруде
15:19 / 2021-05-26

Өзбекстан Кинематография агенттігі мен ресейлік «Спутник Восток Продакшн» кинокомпаниясы «Солнце на вкус» атты фильмін түсіруде. Жоспар бойынша туынды 2021 жылдың күз маусымында үлкен экарндарға жол тартпақ.

Кинематография агенттігінің дерегінше, шытырман оқиға мен фэнтези жанрындағы бұл фильм - бірлескен өндіріс түріндегі алғашқы жобалардың бірі болып, ол Мәскеу, Бұхара, Самарқанд және Ташкент аймағында түсіріледі. Қазіргі кезде түсірілім тобы Бұхара және Самарқанд облыстарындағы жұмыстарды аяқтап Ташкенттегі жұмыстарды жалғастыруда.

Фильм сюжеті қарапайым мәскеулік отбасының Өзбекстанға жасаған саяхаты барысындағы  шытырман оқиғаларға толы қызықтары жайлы баяндайды. Сонымен қатар, туындыда Бұхара әмірінің қазынасын іздеу, оны қудалау, достық тақырыбы, отбасылық қақтығыстар сипатталған. 

Картина режиссері Эльдар Салаватов, суретші Юрий Фоменко, продюсерлер Александр Кессель және Фирдавс Абдухолиқов. Сценарий әйгілі ресейлік сценарист Олег Маловичкоға тиесілі. 

Әлемдегі ең үлкен стримингтік қызмет Netflix-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан «Спутник Восток Продакшн» кинокомпаниясы осы фильмді Netflix платформасында көрсету бойынша қазір келіссөздер жүргізуде. 

«Солнце на вкус» фильмінің премьерасы 2021 жылдың күзінде өтеді деп жоспарланған. Шетелдік студия мен агенттік арасындағы келісімге сәйкес, фильмнің дүниежүзілік прокаттан түскен пайдасының 25% үлесі Кинематография агенттігіне тиесілі және картинаны Өзбекстанда көрсетуге қатысты ​​барлық құқықтарға ие.

Кинематография агенттігі соңғы жылдары шетелдік кинокомпаниялармен ауқымды бірлескен өндіріс құрып, мұндай жобаларға өзбек суретшілерінің, әсіресе жастардың қатысуы тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, осы жобалар Өзбекстанды әлемдік экрандар арқылы жаһанға танытуда маңызды рөл атқарады, делінген хабарламада.