English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Орталық Азиядағы азық-түлік жүйесі туралы декларация қабылданды
12:08 / 2022-10-27

Ташкентте Орталық Азиядағы азық-түлік жүйесін жедел трансформациялау туралы келісімнің Декларациясы қабылданды.

Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев Ташкентте өтіп жатқан БҰҰ-ның Ауыл шаруашылығын дамыту халықаралық қорының жылдық отырысы аясында өткен Азық-түлік жүйесін трансформациялау бойынша аймақтық халықаралық конференцияның ашылу салтанатына қатысты.

Министрлік дерегінше, айтулы шарада ауыл шаруашылығын трансформациялау жағдайында халықтың қалың тобын арзан азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттігі баса айтылған. Бұл мәселені шешудің бірі ретінде өнімнің өзіндік құнының тізбегінде болып жатқан өзгерістерді талдап, процестер мен өнім шығындарының өндірушілерге, жеткізушілерге және тұтынушыларға әсерін өлшейтін, нарыққа жеткізілетін тауарлардың бағасы мен көлемінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін жүйелерді енгізуге бағытталған жобаларға инвестициялауды кеңейту ұсынылды.

«Тұрақты азық-түлік жүйелерін қалыптастыру мақсатында тиімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін өңірлік үкіметтер мен халықаралық қаржы институттары және донорлық ұйымдар деңгейінде өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша практикалық шаралар қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді», делінген хабарламада.

Шара соңында қатысушылар Орталық Азиядағы азық-түлік жүйесін жедел трансформациялау туралы келісім декларациясын қабылдаған.