
Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умрзаков Германия Федералдық үкіметінің иммигранттар және аз ұлттар істері жөніндегі өкілі Бундестаг депутаты Натали Павлик бастаған делегациямен кездесті.
Кездесуде Өзбекстан мен Германия арасындағы сан қырлы достық пен ынтымақтастық үдерісінде жақындасып, өзара қарым-қатынастар тереңдей түскені айтылды. Осы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Германияға сапары аясында экономика, білім, ғылым және инновация, сауда, қаржы және басқа салаларға қатысты қол қойылған үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттардың негізінде қалыптасқан байланыстарды одан әрі кеңейту атап өтілді.
Сондай-ақ, бүгінде Өзбекстанда неміс компаниялары, Гете институты және басқа да орталықтардың жұмыс істеп жатқаны, неміс тілі мен мәдениетіне көңіл бөлініп келе жатқаны айтылды.

Қала әкімшілігі мәдениет, білім, өнеркәсіп, бизнес, туризм сияқты түрлі салалар мен бағыттардағы ынтымақтастықты қолдау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Осы бағытта Германияда экологиялық таза көлік жүйесін, дуальды оқыту әдісін енгізуге баса назар аударылып, ауқымды жұмыс жоспарланып отырғаны сөз болды.
Өзбекстанға сапары әсерге толы болғанын айтқан Натали Павлик ғылым өкілі болғандықтан, осы бағыттағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Делегация басшысы Өзбекстанда неміс тілі мен мәдениетіне жоғары көңіл бөлудің үлгісі ретінде Ташкентте «Неміс үйін» ашуды ұсынды.
Б.Худайбердиев, ӨзА