English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Кино апталығы» өтеді
12:11 / 2021-01-09

2021 жылдың 11-16 қаңтар аралығында Ташкенттегі Жастардың шығармашылық сарайында «Жаңа Өзбекстан және ұлттық кинематография» айлығы аясында «Өзбек ұлттық киносының апталығы» өтеді.

Апталық аясында, жаңа киножобалардың тұсаукесері, жастарға арналған шеберлік сыныптары, кастингтер мен конференциялар, сондай-ақ жаңа фильмдердің премьералары өтпек.

«Өзбеккино» ұлттық агенттігінің ақпараты бойынша, кино апталықта жас кинорежиссерлар үшін Ташкентте Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалын ашу, Ташкент Халықаралық кинофестивалін қайта ұйымдастыру, шет елдерде сақталған өзбек фильмдерін қайтару, жас режиссерлерге жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау сияқты маңызды міндеттер бойынша сарапшы мамандармен бірге Өзбеккиноның 2021 жылғы «Жол картасы» қабылданатын болады.