English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Жапония цифрлық университеті ашылады
15:13 / 2020-12-03

Ташкент қаласында мемлекеттік емес Жапония цифрлық университеті ашылады.

Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің мәліметінше, Министрлер Кабинетінің «Ташкентте Жапония цифрлық университетін құру туралы» қаулысы қабылданды. 

Осыған байланысты университеттің негізгі міндеттері мен қызметі: АКТ, бағдарламалық жасақтама жасау, ақпараттық жүйелер мен компьютерлік желілерді басқару саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады.

Университетте білім беру ақылы негізде болып, Жапонияның Отемае Университетінің, Токио Онлайн Университетінің және басқа да беделді университеттерінің талаптары мен Өзбекстанның мемлекеттік білім беру стандарттарын ескере отырып, Жоғары және орта арнайы білім министрлігі бекіткен оқу жоспары және ғылыми бағдарламаларына сәйкес жапон және өзбек тілдерінде жүзеге асырылады.

2020/2021 оқу жылында және одан кейінгі оқу жылдарда университетке түсу параметрлері Жоғары және арнайы орта білім министрлігімен келісе отырып анықталады. 

Білім ордасы бастапқыда бакалавриаттың күндізгі және сырттай бөлімнде студенттерге білім беріп, бітірген түлектер Жапония университеттері мен Өзбекстаннан жоғары білім туралы құжат ретінде танылған дипломдарға ие болады.