English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «CAFA Women's Futsal Championship-2023» турнирі басталды
14:10 / 2023-01-28

27 қаңтарда Ташкент қаласындағы «Юнусабад» спорт кешенінде «CAFA Women's Futsal Championship-2023» жарысының 1-ші тур ойындары басталады.

Атаулы турнирге Тәжікстан, Қырғызстан, Иран және Өзбекстан құрамалары қатысуда.

Жарыстың 1-ші турында Иран мен Қырғыз Республикасы арасындағы кездесуде ирандықтар 5:0 есебімен жеңді. Келесі кездесуде Өзбекстан құрамасы тәжікстандық әріптестерін 7:1 есебімен ұтты.

«CAFA Women's Futsal Championship-2023» жарысы 30 қаңтарға дейін жалғасады.

UFA баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы чемпионат аясында Ташкентте CAFA төрешілеріне арналған семинар ұйымдастырылып, оған CAFA-ға мүше елдерден 23 төреші қатысуда. Теорияға негізделген және бейне тестілеу семинар сабақтары 29 қаңтарға дейін жалғасады.

[gallery-10401]

Мухаммад АМИН (сурет), ӨзА