English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент халықаралық кинофестивалін күзде өткізу жоспарлануда
15:17 / 2021-03-20

1968 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықта ұйымдастырылған Ташкент халықаралық кинофестивалі қайта оралу аясында тұр. Кинофестивалдің кезекті салтанатты шарасын 2021 жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарлануда.

Аз уақыт ішінде Азия аймағынан сырт Африка және Латын Америкасы елдері кинематограф майталмандары арасында танымалдыққа ие болған Ташкент халықаралық кинофестивалін қайта жаңғырту мақсатында «Өзбеккино» Ұлттық агенттігінде кеңес өтті.

Агенттіктің хабарлауынша, жиында «Жібек жолының інжу-маржаны XIII Ташкент халықаралық кинофестивалін өткізу туралы» Мемлекет басшысының қаулысының жобасы туралы ақпарат беріліп, фестивалді осы жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарланған.

Жиында Ташкент халықаралық кинофестивалін қайта жаңғыртудан бөлек, Өзбекстан кинематография академиясы мен Кинематографистер үйін» құру сынды мәселелер талқыланды, делінген хабарда.